Сұрақ-Жауап


«Мүмкін».kz дегеніміз не?
Қазақ тіліндегі Мүмкін сөзі белгілі бір істің болу, орындалу, яғни жүзеге асырылуының ықтималдығы мағынасын береді.  Moomkin.kz сайтын құру барысында біз ең алдымен талантты, кәсіби білікті және еңбек сүйгіш адамдарға, яғни бизнес пен карьераға жәй ғана жұмыс деп қарамайтын, өз ісіне шын берілген мамандарға мүмкіндік жасау қажеттілігін ескердік. Байланыс – бұл мүмкіндіктер!  Moomkin.-мен бұл әлдеқайда қолайлы! 

Мен жеке деректерімді қалай өзгертемін?
Сіз өзіңіздің жеке деректеріңізді Профиль парақшаңызды аша отырып өзгерте аласыз. Өз Профиліңізге кіріңіз, Редакциялау деген тармаққа басыңыз және қажетті мәліметтеріңізді өзгертіңіз.

Өзімнің e-mail/құпия сөзімді қалай өзгертемін?
Сіз өзіңіздің e-mail/құпия сөзіңізді Профиль парақшаңызды аша отырып өзгерте аласыз. Өз Профиліңізге кіріңіз, Құпиялылық  деген тармаққа басыңыз және қажетті мәліметтеріңізді өзгертіңіз. 

Мен өзімнің жеке мәліметтерімнің қауіпсіздігіне соншалықты сенімді емеспін. Менің жеке мәліметтерімнің сақталуы үшін Сіздер қандай шаралар қолданасыздар?
Сіздің жеке мәліметтеріңіздің қауіпсіздігі мен сақталуы - бұл біздің негізгі басымдылығымыз, ал қалғандары келесі кезекте. Сіздің жеке мәліметтеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін біз соңғы технологияларды пайдаланамыз. Сіздің жеке мәліметтеріңіз ешқашан бөгде тұлғаларға табысталмайды, жарияланбайды және сатылмайды. Құпиялылық функциясы өз таңдауыңыз бойынша сіздің жеке мәліметтеріңіз бен координаттарыңызды кімнің және қашан көруіне бақылау жасауға мүмкіндік береді. 

Moomkin.kz басқа әлеуметтік желілерден несімен ерекшеленеді?
Біз әлеуметтік желілердің алғашқысы да соңғысы да емеспіз. Интернетте бірнеше ұқсас әлеуметтік желілер бар, алайда Мoomkin.kz  ұйымдастырушылары барлық назарды, яғни өз біліктері мен ресурстарын Қазақстандағы іскерлік байланыстар мен кәсіби қарым-қатынастардың дамуына ықпал етуді көздейді. Мoomkin.kz әзірлеушілері мен көшбасшылары - Қазақстанның кәсіби мамандары, олар өз елінің кәсіби қажеттіліктерін, бизнесті қалай жүргізу керек секілді іскерлік қарым-қатынастың басқа да ерекшеліктерін өзгелерден гөрі әлдеқайда жақсы түсінеді. Біздің мақсатымыз - Қазақстанның өркендеуі жолында жүктің жұмыла көтерілуіне ықпал ету. 

Moomkin.kz-те менің қандай мүмкіндіктерім бар?
Moomkin.kz-те Сіз дербес іскерлік желіңізді құра аласыз: бұрынғы әріптестеріңізбен байланысыңызды қайта орналастырыңыз, Өз қызметіңіздің саласындағы нағыз кәсіби мамандардың, әлеуетті серіктестер мен жұмыс берушілердің арасында тиімді таныстықтарды орната біліңіз.

Түрлі саланың кәсіби мамандарымен бірігіңіз, әріптестерді, тұтынушылар мен мердігерлерді табыңыз, өз бизнесіңіздің дамуы үшін жаңа мүмкіндіктерді іздеңіз. Moomkin.kz-те өзіңіздің әлеуметтік капиталыңызды құрыңыз, «Байланыс - бұл Мүмкіндіктер» ғой!

Жаңа білім іздеңіз, іскерлік дағдыларыңызбен және идеяларыңызбен бөлісіңіз. Жұмыс іздеуде, карьералық өсу немесе жеке бизнесіңізді кеңейту мақсатында өзіңізге мүмкіндіктер есігін айқара ашыңыз.

Moomkin.kz табысқа жетудің тарихынан сыр шертеді: әр апта сайын отандық және шетелдік бизнесмендермен, мемлекеттік қызметкерлермен, көшбасшылармен жүргізілген сұхбатты, олардың пікірлерін жариялайды. Табысқа жету туралы кеңестер мен ұсынымдарды зерделеңіз, қателіктерді ескеріңіз, сауалдарыңызды жолдаңыз, біздің Топтардағы кәсіби мамандардың әдістерімен және жаңа идеяларымен ой бөлісіңіз.

Moomkin.kz-тің мақсатты аудиториясы кімдер?
Moomkin.kz-тің мақсатты аудиториясы - кәсіби мамандар, іскер бизнесмендер және бизнес ханшайымдары, сондай-ақ жаңа карьералық белестерді іздеу үстіндегі адамдар, олар өздерінің барлық ынталары мен назарларын және ресурстарын карьера мен бизнесті алға жылжытуға бағытағандар. Мoomkin.kz пайдаланушыларының құрамына сонымне қатар рекрутерлер, жұмыс іздеуші білікті мамандар, немесе талантты, іскер адамдар, өздерінің іскерлік байланыс ортасын кеңейтуді көздеген адамдар. Бұл жерде сіздер шын өмірде қол жеткізе алмай жүрген қажетті адамдармен тікелей байланыс орната аласыз. 

Өз профилімді қалай жоямын?
info@moomkin.com электрондық мекенжайына осы жүйеден өз профиліңізді жою туралы өтініш жолдайсыз. Сіздің дербестігіңіз расталған соң, біз сіздің профиліңізді, ондағы жеке мәліметтеріңізді де жүйеден жоямыз.

Топтарға қосылудың, оны құрудың қажеттілігі неде?
Топтар кәсіби мамандарды олардың белгілі бір дағдылары мен ортақ қызығушылықтары бойынша біріктіреді. Пайдаланушылар қауымдастықтың кәсіби мамандарымен пікір алмасу және тәжірибелермен бөлісу үшін топтарға қосылады. Мәселен, егер Сіз Жоба бойынша сертификатталған менеджер болсаңыз және Сіздің жұмыс тәжірибеңіз бай болса, сіз өз тобыңызды құруға немесе құрылған топқа қосылып, еңбек жолын енді бастап келе жатқан Жобалар бойынша жас менеджерлерге РМР емтиханына қалай дайындалу керектігіне кеңес бере аласыз немесе жобаны басқару бойынша белгілі мәселелерді шешуге бағдар көрсете аласыз.

Бос жұмыс орнын қалай орналастыруға болады?
Бос жұмыс орнын осы сайтқа ойдағыдай тіркелген соң орналастыра аласыз. Бұл ретте, компания өкілдері үміткерді көре алатындай өз профиліңізді 100%-ға толтырғаныңыз абзал. Бос жұмыс орны бөліміне кіріңіз, Бос жұмыс орнын жариялау деген жолақты басыңыз және бос жұмыс орны туралы толық ақпаратты толтырыңыз. Іздеушілер Сіздің бос жұмыс орныңызға үміткерлерді қарау үшін өз профильдеріне жолдай алады. Жаңа өтініштер туралы хабархаттар Moomkin.kz-ке хабарламалар түрінде келіп түседі. 

Бос жұмыс орнына өтінішті қалай беруге болады?
Бос жұмыс орны секциясында табылған кез келгеніне Бос жұмыс орнына жауап беру жолағын басу арқылы кіре аласыз. Сонымен қатар Сіз жұмыс берушіге қысқаша хабарлама да жазып жібере аласыз. Жұмыс беруші сіздің өтінішіңіз туралы хабарламаны автоматты түрде алады және сіздің профиліңізді қарап шығу мүмкіндігіне ие болады, сондай-ақ Сіздің профиліңіз 100% толтырылған болса, CV түрінде сіздің түйіндемеңізді жүктеп алуына жағдай жасалған.

Менің басқа сұрағым бар.
Жоғарыда келтірілген барлық сауалдар бойынша help@moomkin.com қолдау көрсету қызметіне хабарласыңыздар. 


Қазақстандағы жұмыс, астанадан жұмыс іздеу, алматыдан жұмыс іздеу, іскерлік қауымдастық, қазақстанның іскерлік байланыстары, қазақстанның кәсіби мамандары, жұмысты қалай табуға болады, іскерлік байланыстарды табу, қазақстандағы карьералық өсу, қазақстандағы іскер адамдар желісі, атыраудан жұмыс іздеу, қазақстанның кәсіпкерлері, қазақстандағы стартаптар.