Сабыр Есімбеков: «Кеден одағы аясындағы ықпалдастық біздік кәсіпкерлер үшін үлкен сынақ»

Жарияланды: 29 қазан 2013, 12:26

Қазақстан Республикасының Сауда-экономикалық палатасы қандай жұмыстар атқаруда? Бизнес пен билік арасындағы диалогтың түйіткілді проблемалары қандай? Кепден одағының құрылуы Қазақстандағы бизнестің дамуына қалай ықпал етті? Moomkin.com-ке сұхбат бере отырып, ҚР Сауда-экономикалық палатасының Президенті Сабыр Есімбеков осы және өзге де сұрақтарға қатысты пікірін айтты.

-Сабыр Сайлаубекұлы, бірқатар БАҚ Сауда-өнеркәсіптік палатасы мен «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасын «серіктестер» десе, енді бір бұқаралық ақпарат құралдары сіздерді «қарсылас» дейді. Бұл тұжырымдардың қайсысы дұрыс деп ойлайсыз? Осы екі ұйымның жұмысындағы негізгі ерекшеліктер қандай?

-Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіптік палатасы мен «Атамекен» одағы әріптес болып табылатыны талас тудырмайды. Екі ұйым арасында оларды «қарсылас» деп атайтындай, ешқандай қарама-қайшылық жоқ. Керісінше, «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасының мүшесі болып табылатын Қазақстанның Сауда-өнеркәсіптік палатасы Ұлттық экономикалық палатамен 2012 жылдың ақпан айында қол қойылған келісімге сәйкес, өзара өте тығыз іс-қимылдарды жүзеге асыруда. Мен айтып отырған бұл келісімге сәйкес, «Атамекен» одағы» Ұлттық экономикалық палатасы Сауда-өнеркәсіптік палатамен бірлесе отырып бизнес-қауымдастықтағы негізгі мәселелерді шешуше мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл орнату жұмысына жауап береді, құқықтық-нормативтік актілердің жобаларына сараптама жүргізеді, кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі әртүрлі мемлекеттік бағарламаларды әзірлеуге, үйлестіруге, жүзеге асыруға қатысады.

-1999 жылы Қазақстанда құрылған Американың сауда палатасына мүше тараптар саны жыл сайын 15-20 пайызға артып отырады. Сауда-өнеркәсіптік палатаға мүше болатындардың өсу қарқыны қандай?

Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіптік палатасының тарихи 1959 жылдан басталады. Сол жылы Қазақ ССР Министрлер кеңесінің қаулысымен Қазақ ССР-ның Сауда палатасы бекітілген болатын. Кейін Қазақ ССР Сауда-өнеркәсіптік паласы болып атауы өзгерді.Ол КСРО Сауда-өенркәсіптік падатасына бағынатын және 1991 жылға дейін Одақ палатасының бір бөлімі болып келді. Еліміз егемендік алғаннан кейін палата өз алдына жеке құрылым болып, 100-ге жуық мүшесі бір ұйым болды. Бүгінгі таңда Қазақстанның сауда-өнеркәсіптік палатасы елдегі ең ірі бизнес-бірлестіктердің бірі болып табылады. Жыл сайын Сауда-өнеркәсіптік палатаға мүше болатын компаниялардың саны 10-15 пайызға өседі.

-Бүгінгі таңда Қазақстанның Сауда-өнеркәсіптік палатасына нақты неше компания мүше? Ол компаниялардың көбі қандай салаларда жұмыс істейді?

-Сауда-өнеркәсіптік палата мүше компаялардың саны, 2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайға сәйкес, 1063 кәсіпкерлік субъектілері болды, оның 88 пайызы ұйымдар мен кәсіпорындар, 12-сі жеке кәсіпкерлер. Палатаға мүше компаниялардың 60 пайызы өндіріс пен қызмет көрсету салаларында, 20 пайызы – көліктік-логистикалы, электронэнергетика мен құрылыс салаларында, 10 пайызы сауда-саттық саласында жұмыс істейді.

-Сабыр Сайлаубекұлы, Сауда-өнеркәсіптік палатаның мүшесі болу үшін не керек? Жеке тұлғалар палатаның мүшесі атана алады ма?

-Ең алдымен нақтылап алайық. Біздің елімізде жалақы ретінде табыс табатын адамдар, жекеменшік жылжымайтын мүлкі бар адамдар, сыйақы алатын ғылым, әдебиет, өнер салаларындағы қайтаркерлердің мұрагерлері және жалдамады жұмысшы тарту арқылы кәсіпкерлік қызметтен кіріс көретін жеке кәсіпкерлер – жеке тұлға болып табылады.

Біздің жағдайымызда жеке кәсіпкер мәртебесі бар адам жеке тұлға болып саналады. Себебі, палатаның міндеттері мен мақсаттары әртүрлі деңгейдегі кәсіпкер көрсететін қызметтердің тізіміне байланысты жүзеге асады, яғни палатаға мүше болу мәселесін осы тұрғыдан алып қарау керек. Қазір Сауда-өнеркәсіптік палатаға мүше тараптардың 12 пайызын осы жеке кәсіпкерлер құрайды. Егер жеке кәсіпкер палата мүшесі боламын десе, ол сәйкес аумақтық палатаға барып, қажетті құжаттарды жинап, анкеталық сұрақтарға жауап береді.

-Былтырғы жыл үш ел арасындағы Кеден одағы аясында жаңа бизнестік байланыстарға жол ашылды. Сіздің ойыңызша, Кеден одағының құрылуы Қазақстан бизнесіне қалай ықпал етті?

-Кеден одағы Қазақстан бизнесінің дамуына тигізген ықпалын мен біржақты қылып қана айтпас едім. Кеден одағының біздің кәсіпкерлер үшін пайдасы да  бар, зияны да бар. Оның зияны, біздің кәсіпкерлер ресейлік кәсіпкрелер тарапынан да, беларусьтық кәсіпкерлер тарапынан да кәдімгі бәсекені сезе бастады. Біз оны тұтынушы ретінде Қазақстандағы дүкендер мен базарлардағы тауарлардың өзгергенімен байқауға болады. Статистикаға да көз жүгіртсек, Қазақстанның Кеден одағы елдерімен тауар айналымның өсуінде Ресей мен Беларусьтан Қазақстанға келген импорттың көлемі тез артып келеді.

Кез келген дамушы үрдік сияқты бұл жерде де ұтқандар мен ұтылғандар болады. Жиһаз, алколь ішімдіктерін, белгілі бір азық-түлік шығарушы қазақстандық кәсіпкерлердің Ресей және Беларусь кәсіпкерлерінің іс-әрекеттеріне көңілдері толмайды. Сондай тағы бір мысалды алсақ, тауарларды тасымалдау барысында теміржол тарифтерінде де Қазақстанға тиімсіз айырмашылық бар. Бірақ, Еуразиялық экономикалық комиссия аясында құрылған монополияға қарсы орган биылдан бастап Ресейдің теміржолдары арқылы таура тасымалдайтын қазақстандық кәсіпкерлер үшін жасалған әділетсіз бәсекеге нүкте қояды деп сенемін. Ресей мен Беларусь кәсіпкерлері де қазақстандық әріптестері тарапынан әділетсіз бәсекеге тап болғандарын айтар. Ықпалдастық тек тиімді емес, өзара тиімді болуы керек.

Дегенмен де, менің жеке пайымдауымша, Кеден одағы аясындағы ықпалдастық ең алдымен шағын және орта бизнестегі, жалпы, кәсіпкерлерімізді мықты бәсекелестікке жетелейді. Сонымен қатар, Қазақстанда бірлескен өндіріс ашуға мүмкіндік береді.

-Қазақстанда әлеуетті инвесторлардың алдына қандай мәселелер кездеседі? Оларды шешу үшін не істеу керек?

Бұл кешенді сұрақ. Бірақ оған оңай жауап беруге болады. Ол үшін Дүниежүзілік банктің бизнесті енгізу жолдарының жеңілдігі жөніндегі 2012 және 2012 жылдарға арналған рейтингісін алып қарасақ, жетіп жатыр. 2012 жылмен салыстырғанда Қазақстан бизнесті енгізуге жеңіл елдердің рейтингісінде 7 сатыға көтеріліп, 49-шы орынға шықты. Егер рейтингтің құрылымын алып қарасақ,  Қазақстан «уақыт», «шығын», «жаңа бизнесті ашып, бастау үдерістері», иүлікті тіркеу», «инвесторларды қорғау», «салық салу жүйесі мен келісіишарттарды орындау» атты аталымдар бойынша сөзссіз өз рейтингісінің жоғарлатты. Ал «құрылыс салуға рұқсат алу», «электронды желілердің қол жетімділігі», «несиелеу мүмкіндігі», «шекарамаңындағы сауда» секілді көрсеткіштер бойынша Қазақстан 185 ел кіретін Дүниежүзілік банк рейтингісінің тек екінші жартысында тұр.

-Сіздің ойыңызша, мемлекет пен жекеменшік сектор Қазақстандағы экономикалық мәселелерді бірлесе отырып шешуі үшін не істеу керек?

-Ия, мемлекет пен жеке бизнес ел алдында тұрған экономикалық мәселелерді шешуде мықты әріптес болу керектігі анық. Бұл аксиома және оны ешкім дауға сала алмайды. Көп жағдайда осындай өзара іс-қимылдың нақты бір детальдарына келгенде көзқарас екі жаққа бөлініп кетіп жатады. Бір жағынан, біздің кәсіпкерлер өздерінің бизнес-құрылымдары мен бизнес жобаларын дұрыс құра алмай жатады, және діттеген мақсаттарына жетудің нақты жолын белгілей алмайды. Бұл өз алдына үлкен әңгіме. Тек айтарым, біз үшін ең маңызды өңдеуші секторға салынатын инвестиция алдындағы барлық кедергілерді (қаржылық, әкімшілік, инфрақұрылымдық, кадрлық, техникалық реттеудегі кедергілерді) тезірек жоюымыз керек. Барлық нәрсе осы өңдеуші сектордың күн сайын артып отырған бәсекелестікке ілесіп, ойдағыдай жұмыс қалпына түсіп, дамуына байланысты болып табылады.

-Сауда-өнеркәсіптік палатада қандай мамандарға сұраныс жоғары?

Сауда-өнеркәсіптік палата, бұл – жан-жақты және көп -функицоналды құрылым. Жүйе 40 түрлі қызмет көрсете алады, бір ғана сараптаманың өзінде 20-дан астам қызмет түрі бар, соған сәй бұл жерде әртүрлі мамандық иелері жұмыс істейді. Біз осындай жүйемен жұмыс істейміз. Бізде мамандығы бойынша қосымша білімі бар, сауда-өнеркәсіптік палатаның желісі бойынша оқудан өткен заңгерлер де, қаржыгерлер де, технологтар, журналистер де бар. Сыртқы-экономикалық қызметті шет тілін білетін, шетелде тәжірибе жинаған мамандар ұсына алады. Яғни, Сауда-өнеркәсіптік палатаға келген кез келген адам білікті мамандардың кеңесін алып кете алады.

-Moomkin жобасы туралы не ойлайсыз?
-moomkin.com сайты – Қазақстан тұрғындары үшін пікір алмасып, ақпарат ала алатын алаң ғана емес, пайдалы таныстықтарға жол ашып, жұмыс іздеуге мүмкіндік беретін, өз бизнес-идеяларыңды дамыта алатын орын. Осындай жобаның қолға алынуы – заңды дүние, ол сұранысқа ие сайт. Бұл жоба таланатты әрі болашағынан үміт күттіретін адамдар үшін әлеуметтік лифтке айналып, ал әлеуетті жұмыс берушілер мұнда өз компанияларына қажетті мамандарды таба алады деп ойлаймын. Сайт басшылығына сәттілік тілегім келеді.

Moomkin-нің барлық мүмкіндіктерін пайдаланыңыз!
Тіркеудің 1-қадамы бар-жоғы бір минут уақытыңызды алады:

Қосылу

Тіркелдіңіз бе?