Асқар Әбдіразақов: «Біздің клиенттерімізді ешқашан зират маңына орналастырмайды...»

Жарияланды: 29 қазан 2013, 12:32

Біздің нарығымызда тіл үйрететін мектептер қандай табыс табады? Шет тілдерін үйретумен байланысты идея табысты бизнес-жобаға айнала алады ма? «CapitalEducation» компаниясының коммерциялық директоры Асқар Әбдіразақов бізге берген сұхбатында «Тіл үйрету мектептері» аталатын старт-ап жобаның даму жоспары туралы әңгімелеп берді.

-Асқар, тіл үйрететін  мектеп ашу идеясы қайдан туындады?

-Компания 2008 жылдың ақпан айында – экономикалық дағдарыс пен нарықтағы өте төмен бәсекелестік жағдайыда құрылған болатын. Құрыла салысымен, біз жұмысымызды ең қиын жұмыстардан бастадық: білім беру көрмелерін ұйымдастырып, ұжымдық клиенттер үшін оқыту ұйымдастырдық. Содан барып, 2009 жылдың басында ғана біз тіл үйрететін мектеп ашу туралы ойға келіп тірелдік. Барлығы «Астана Триумфы» тұрғын үй кешенінде жалға алынған кішкентай ғана кабинеттен басталды. Штаттағы аз ғана қызметкерлер бар-жоғы 20-30 адамға тіл үйрете бастады. Біраз уақыт өткен соң жалға берушілердің талап етуі бойынша біз әлгі орынды босатуға мәжбүр болдық. Бірақ, біз өзге тіл мектептері сияқты жұмысымызды орта жолдан тастамай, көрші ғимаратқа барып жайғасып, жұмысымызды жалғастыра бердік.

-Сол кездері көптеген тіл үйрету мектептері неге жабылып қалды деп ойлайсыз?

-Ескі қағидаларға сүйенген нарықтық бәсекеден деп ойлаймын. 2008-2009 жылдары Астанаға кһптеген ірі «ойыншылар» келді. Ондай бәсекелестер болған жайғдайда, Adidas және Puma компанияларының тәжірибесін назарға ала отырып, мақсатты түрде жұмыс істеу керек деп ойлаймын. Екінші компания бірінші компанияның ең жақсы тәжірибесін қолдануға тырысады, және нарықта қызу жұмыс істейді. Сол кездегі тіл үйрететін мектептер бәсекелестерін қаперге алмай, бұрынғы әдіс-тәсілдермен жұмыс істей бастады. Нарық басқа талаптарды құлаққа құйып тұрғанымен, ойыншылар өз стратегияларын өзгертуі керек еді.

-Сіздің мектебіңіздегі оқытуды әдістемесінің ерекшелігін тереңірек айтып бересіз бе?

-Бұл сұрақты бізге клинеттеріміз көп қояды. Ең алдымен, шет тілін үйрететін әдістеменің не екенін түсініп алайық. Барлықтарыңыз білетіндей, әлем бойынша OxfordUniversityPress, Macmillan, Cambridge және Pearson атты төрт баспахана жұмыс істейді, және барлық тіл үйрететін мектептер осы баспаханалардан шыққан кітаптарға сүйене отырып, оқытады. Біз жаңалық ашпай, CEFR (CommonEuropeanFrameworkofReferenceforLanguages) стандарттарына толық сай келетін әдістемені таңдадық және осы баспахананың әдістемелік кітаптары бойынша оқытамыз. Ал, сабақ берудің жеке стилі – өз алдына басқа әңгіме.

-Сонда Астанадағы басқа мектептермен салыстырғанда, тәсілдеріңізде қандай айырмашылық бар?

-Тіл үйрету мектебі ашыла қалған күннен бастап біз ең озық тіл мектептерінің тәжірибесін үйренуге тырысып, оқытудың сапасына көп көңіл бөлеміз деп шештік. Біз ең мықты мамандарды жұмысқа тартып, оларға лайықты еңбекақы төледік және жұмысы барынша ыңғайлы болуы үшін және бізбен ынтымақтастығы жалғаса беру үшін қажетті талаптардың бәрін жасадық. Әлі есімде, ең басында тіл үйрету мектебіні директоры мен менің жалақым 60 мың теңге болған, солай бола тұра оқытушы150 мың теңге шамасында жалақы алатын. Бүгінгі таңда біздің оқытушымыздың жалақысы (Қазақстан азаматы – Авт.) ұлттық компаниядағы қызметкердің жалақысымен бірдей, және 100 мың теңге мен 180 мың теңге аралығында жүреді. Жалақы көлемі жұмыс істелген сағаттармен және оқушылардың білім деңгейімен өлшеніп, есептелінеді. Біздің оқушылар жақсы нәтиже көрсетсе, оқытушы да сыйақыға ие болады. Айта кетейін, біз, компания басшылығы ең соңғы болып жалықы аламыз. Біз клинеттерімізбен де, қызметкерлерімізбен де ашық қарым-қатынас орнатуға тырысамыз. Біздің мектебімізде ашылмайтын есік жоқ, басшылықтың да құпиялары жоқ. «CapitalEducation» мектебінің тағы бір артықшылығы – апта сайын академиялық кеңестер өткізіліп отырады. Оны жүргізетін Ұлыбритания азаматы, еуропалық білім беру стандарттарымен етене таныс адам. Мектебіміз нақты мақсаттарға ұмылатын болғандықтан, компания басшылығы мен оқытушылар құрамы білімдерін үнемі дамытып отырады. Біз IELTS және TOEFL бойынша жоғары бағаларды талап етеміз. Жалпы, мектеп жұмысын футбол командасының ойынымен салыстыруға болады, яғни әрбір ойыншының тиімді жұмыс істеуі бүкіл команданың нәтижесіне ықпал етеді.

Мектептеріңіз қандай бағдарламаларды ұсына алады?

--Біздің компанияның жұмысында төрт бағыт бар: тіл үйрету курстары, шетелде оқыту, біліктілікті арттыру курстары (тренингтер, тәжірибеден өткізу), білім беру көрмелері мен білім беру саласында телеарналарда («Bilim» телеарнасындағы ағылшын тілін үйрететін BitesizeEnglish бағдарламасы )көрсетілетін бағдарламалар әзірлеу.
«CapitalEducation» тіл үйрету мектебінде ағылшын тілін жалпылама және іскерлік байланыстар деңгейінде үйренуге болады, CELTA Cambridge халықаралық сертификаты бар Ұлыбритания мен АҚШ-тың тіл үйрету құралдары арқылы IELTS және TOEFL емтихандарына дайындалуға болады. Қызметіміздің тағы бір түрі – шет елде оқыту. Бүгінгі таңда CapitalEducation мектебінің 77 шетелдік әріптесі бар. Тәжіри жинақтаған жылдар ішінде біздің компаниямыз шетелде оқытудың жекеменшік стандарттарын әзірледі. Мысалы, біздің клинеттерімізді ешқашан ғират басына орналастырмайды. Нарықта ірі ойыншыға айнала отырып біз Еуропаның алдыңғы қатарлы мектептерімен теңесуге тырысамыз. Студенттерімізді шет тілін үйрену үшін Ұлыбритания, АҚШ, Польша, Чехияға оқуға жібереміз. Жалпы, бізді білім беру қызметтерінің үлкен дүкені деп сипаттауға болады.

-Бүгінгі таңда тіл үйрету мектебінде неше адам жұмыс істейді?
-Жалпы, штатта 40 адам бар, оның ішінде 15 адам – оқытушы, 25 ---адам әкімшілік құрамдағы қызметкер болып табылады.

-Асқар, тіл мектебін ашуды ойға алған ізбасарларыңызға қандай ақыл айтар едіңіз?

-Ең алғашқы қадам – жақсы оқытушылар тауып, оларға ыңғайлы жағдай жасап беру. Екіншіден, болашата тіл мектебіне айналдырамын деген оймен жақсы ғимаратты жалға алу. Үшіншіден, жалға алу ақысы, оқытушылардың жалақысы,  PR-ға жұмсалатын қаржы сияқты негізгі шығындарды есептеп алу керек.

-Сіздің ойыңызша, ай сайынғы бюджеттің неше пайызы PR-шаралардың жүргізілуіне жұмсалу керек?

-Біздің жағдайда, алғашында бұл шығын 30 пайызды құраған болатын, қазір брендті жарнамалауға салынған бұрынғы қаржы есебінен бұл шығын көлемі азайды.

-Қандай жарнамалар өз тиімділігін көрсетті?

-Бірден айтамын,  біз ешқашан телефон нөмірлерімізді жазған ұсақ қағаздарды көшеге ілген емеспіз. Ең алғашында  тіл үйрету мектебінің қызметтері жазылған афишаларды шығарып, іле бастадық, лифт ішінде жарнамамызды ілдік, Ғаламтор арқылы қызметімізді жарнамаладық. Радио арқылы берілген жарнама тиімділігін байқатты, Google іздеу жүйесінде біздің компанияның аты бірінші парақшадан көрінеді. Әлеуметтік желілердің ішінен біз Facebook арқылы жақсы жұмыс істейміз.

-Тіл үйнеруге кімдер көп келеді?

-22-35 жас аралығындағы жастар, ұлттық компанияның қызметкерлері жиі келеді.

-Бұл бизнестің пайдасы туралы не айта аласыз?
-Қазіргі таңда компанияның  қаржы айналымы 2 млн АҚШ долларын құрайды, соның ішінде тіл үйрету мектебінің айналымы 800-900 мың АҚШ доллары.

-Moomkin.com жобасы туралы не айта аласыз?
Мен кез келген старт-ап жобаны, әсіресе отандық жобаларды үнемі қолдаймын және қуана қабылдаймын.

Moomkin-нің барлық мүмкіндіктерін пайдаланыңыз!
Тіркеудің 1-қадамы бар-жоғы бір минут уақытыңызды алады:

Қосылу

Тіркелдіңіз бе?