Жас мамандардың жетістіктері: Тимур Әбілов: «Мықты мамандар үшін күрес үлкен, кейбір мамандар тіпті табылмайды»

Жарияланды: 29 қазан 2013, 12:36

Жалпы, мемлектетік қызметте жүріп мансапқа жету үшін жеке байланыстар қандай рөл атқарады, болмаса еліме, жеріме қызмет етемін деген жастарды не ынталандыра алады, қалалық әкімдіктердегі тапшы мамандықтар жайлы және жастарды кадрлық резервке іріктеудегі ұстанымдар туралы Moomkin.com. сайтына сұхбат берген Қарағанды қалалық әкімдік аппаратының жетекшісі Тимур Әбілов жан-жақты әңгімелеп берді.

Анықтама: бүгінгі таңда Қазақстан бойынша мемлекеттік қызметтегі жастардың үлесі жалпы мемлекеттік қызметкрелер санының 24 пайызын құрайды, ал елдегі мемлекеттік қызметкерлердің орташа жас мөлшері – 39 жасү Салыстыру үшін қарасақ, Ресейде шенеуніктердің орташа жасы 50 жасты құрайды.

-Тимур, nur.kz сайты жүргізген сауалнамаға қатысушы интернет-пайдаланушылардың пікірінше, мемлекеттік қызмет – қысқа мерзім ішінде көп табыс алуға болатын ең сенімді құрал. Ал сізді мемлекеттік қызмет немен ынталандырды?

-«Біздің жағдайымызда, ғаламтордағы сауалнамының басты проблемасы – адамдар оған бірден иланады».  / В.И. Ленин / Әрине, қалжың, мен интернет аудиторияны жақсы түсінемін. Шынымды айтсам, мен бұл пікірмен толық келіспеймін. Қысқа уақыт ішінде көп табысқа жетудің ең сенімді жол, ол – ақыл.

Мен мемлекеттік қызметке баю үшін келген жоқпын. Шынымды айтсам, мен мемлекеттік қызметке ойда жоқта келдім...

2009 жылы мен өндірістік тәжірибеден өтуім керек еді, мен ҚР Білім және ғылым министрлігі Тәрбие ісі және жастар саясаты жөніндегі департаменттің директорына хабарласып, тәжірибеден өткім келетінін айттым. Ол жақтан рұқсат берілді, бір айы бойы Департаментте еңбек еттім: мемлекеттік бағларламаны әзірлеу бойынша жұмыс істедім, түнгі сағат 2-де үйге келген кездерім болды. Бір сөзбен айтқанда, табан терімді аямадым.
Сол жылдың 4-ші маусымында мен Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдап, Қазақстанға ұшып келдім, ал маусымның 5-і күні таңертең мені жоғарыдағы департамент директоры шақырды. «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып келдің, енді Отаныңа қызме ет деп ұсыныс жасады да, «дүйсенбі күннен бастап жұмысқа кел» дегенді меңзеді. Кемеден түсіп салтанатты кешке тап болғандай болдым. Салтанатты кештің өзіне қонақ ретінде ғана емес, қызметкер болып келдім. Ұсынысты естіген соң ата-анама хабарластым, олар «Бар, жұмыс істе!» деді. Міне, мемлектетік қызметке келген жолым осы. «5 жылдан соң министр болсам ғой» немесе «байып кетсем ғой» деген ешқандай ойым болған жоқ.

Бірақ, әрине, басында жалақысы аз мемлекеттік қызметке барғым келмеді, жалақысы жоғарлау орындарға, яғни жекеменшік салаға немесе АҚ, ЖАҚ, Ұлттық компания сияқты жерлерде жұмыс істегім келді. Мені жұмысқа шақырғаннан кейін, екі аптаға жетер-жетпес уақытта жақын досым хабарласып, 150 мың теңге жалақысы бар Алматыдағы жұмыс орнына шақырды. Менің сол кезде Департаменттегі жалақым 50 мың теңге еді, бірақ мен уәде беріп қойғанымды айтып, жігіт ретінде өз сөзімде тұрмасам, ұят болатынын айтып, бас тарттым. 

-Көп жағдайда мемлекеттік қызметте мансапқа жетіп, «өсу» үшін таныс-тамыр керек дейді. Сіздің ойыңызша, бұл рас па? Қандай көзқарастасыз?
-Мен бұл сұраққа объективті түрде жауап берейін. «Байланыс» деген сөздің ар жағында не жатқанын ажыратып алу керек. Егер ол «жоғарыдағы көкеме хабарласамын, мені жұмысқа алсын» деген «ауылдың түсігіні» болса, мен мүлде қарсымын. Ал егер бұл жұмысы барысында немесе оқуы барысында өзі қол жеткізген байланыстар, яғни «әлеуметтік капиталы» болса, неге байланыстарын пайдаланбасқа? Джордж Буш, сондай-ақ Тафт, Рокфеллерттерді «Бас пен сүйік» атты құпия қауымдастықтың мүшелері болғаны үшін және олар Йельск унивреситетінде бірге оқып,  бір-біріне көмектескендері үшін жазғыра аламыз ба? Шынында да, әлем адамдардың өзара байланысынан құралмайды ма? Аадамдардың бір-біріне көмектескенінде тұрған ештеңе жоқ. Ең бастысы бұл меритократия қағидасына сай, яғни адамның қызметіне лайық болуы керек. Айта кетерлігі, мемлектетік қызметте де, басқа салалардағы жақсы ұжымда бір-біріне басқа адамды жұмысқа ұсынып жатады. Егер ұсынылған адам конкурстан өте алмай қалса, немесе алдағы жұмысында сенімді ақтамай, жұмысын дұрыс істемесе, ол ұсынған адамның атына кір келтіреді. Айтпақшы, «А» корпусына «ұсыныс-хаттар институтын» енгізгені өте қуантады. Уақыт өте келе бұл міндеттеліп, өз күшіне енеді деп ойлаймын.

Сондықтан, бұл жағынан алып қарағанда адал термен орнатылған жеке байланыс ақталып жатса тек қолдау керек. Өркентиетті түрде айтылған ұсыныстар – жақсы кадр табудың жақсы әдісі.

-Тимур, мемлекеттік қызметтегі мансабыңыз қалай артып келеді?

-«Менің карьерам мемлекеттік саясат аясында дамып жатыр» деп қалжыңдап қоямын.
«Болашақ» президенттік стипендиясы бойынша оқып келіп, Білім және ғылым министрлігінде жұмыс істедім, кейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне ұсынды да 2012 жылдан бастап «Орталық-Өңір» атты мемлекеттік қызметкерлерді алмастыру жұмысының аясында Қарағанды қалалық әкімдігіне келіп, жұмыс істеп келемін. Қай жерге барсам да базалық үдерістерден тыс өте беделді адамдармен әңгімелесуден өттім. Сондықтан, барлығына өз еңбегіммен қол жеткіздім деп ойлаймын. Өз басым ешқашан ешқай жерге жұмыс іздеп барған жоқпын, өздері шақырып, өздері ұсынды. Менің ойымша, әрбір жас маман осы ұстанымда жұмыс істеуі керек. Барлығына шыдаңыздар, сонда сізді байқап, өздері жақсы жұмысқа шақырады. Қазақстанда кадр тапшылығы қатты байқалады. Бағалы калдрлар үшін күрес күшті, кейбіреулері тіпті сол білімді кадрларды таба алмайды.

-«Мемлекеттік қызмет – бітпейтін бюрократия және қағазбастылық» деген таптаурын көзқарас қалыптасқан. Бұған не дейсіз?

-Мәнісіне келгенде солай. Бірақ сол әрбір қағаз мыңдаған ұжымның жұмыс бағытын анықтайды, он мыңдаған адамның тағдырын шешеді десем, артық айтқан болмаймын. Мемлекеттегі, жалпы, кез келген ірі корпорациядағы жұмыстың ең жаманы – атқарушының еңбегі байқалмайды. Нәтиже тек уақыт өткен соң немесе белгілі бір ауқымға жеткен соң байқалуы мүмкін. Оған дейін біздің істеген жұмысымыз байқалмайды. Бұл қалыпты жағдай. Айтпақшы, дәл осы қалалық, аудандық, ауылдық жерлерде істеген жұмысының кешікпей нәтижесін беріп, байқалатын болады. Себебі, біз тікелей халықпен жұмыс істейміз. Бірақ, Министрлікпен салыстырғанда мәселелердің деңгейі де тар екені белгілі.

-Әкім апппаратты жетекшісінің уәкілеттілігіне не кіреді?

Тәжірибесі бар мемлекеттік қызметкерлердің қалжыңымен айтсақ, аппарат жетекшісі бәріне жауап береді.  Басшының көңіл-күйінен бастап, ғимарат айналасындағы тазалыққа дейін жауап береді.

«Жақсының бәрі – әкім, жаманның бәрі – аппарат жетекшісі» деген мемлекеттік қызметкерлер арасында мақал да бар. Осылай қалжыңдасқан бұрынғы әріптестерімнің барлығын өңірлерге жіберді. Ал әзілсіз айтар болсам, аппарат жетекшісі ұйымның жұмысын ұйымдастырады, ол ұйымның жұмысын халық «әкімдік» деп атайды. Менің құзіретіме кіретін міндеттердің біразын атап өтейін, ол – Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі қабылдаған актілердің, әкім қаулысының, облыс, қала әкімдерінің шешімі мен тапсырларамарының уақытында орындалуын қадағалау,  мемлекеттік қызметкерлерді іріктеу конкурсының жүргізілуі мен ұйымдастырылуына қатысу, мемлекеттік қызметкерлердің біліктілік арттыру мен қайта даярлаудан өткізуді ұйымдастыру, «электронды» әкімдік құру жұмыстарын атқару және тағы да басқа жұмыстар.

-Тимур,  қаладағы, облыстағы әкімдіктерге ең көп керекті мамандар кім?

Ең тапшы мамандықтар – техникалық мамандықтар. Қазақстан бойынша онсыз да техникалық білімі бар маман тапшы, ал олардың арасынан мемлекеттік қызметке баратындары «ілер де біреу». Білімі жақсы инженер-құрылысшыларды әрең таптық, сметалық құжаттарға жауап беретін маманды көп іздейтіндерін білемін. Жалпы, елімізде кадр мәселесі, соның ішінде аясы «тар» мамандықтар мен «аты дардай» мамандықтар болсын, жетіспейді. Олардың арасында мал дәрігерлерінен бастап инженер мамандықтар да бар. Жалпы, аймақтық деңгейде де кадр табу біз үшін өткір мәселе болып отыр. Менің пайымдауымша, Астана қаласының жақын орналасуы мен түлектердің өз қаласында үйлесім таба алмауы себептердің бірі деп ойлаймын. Көптеген білікті мамандар Астанаға кетіп қалады, бірақ қарағандылықтардың еңбек нарығына барып, бірден басшының кресоласына емес, ең төменгі жұмыстан бастап, жетістіктерге жетіп жатқаны қуантады. Тіпті, көп деген экономиистер мен бухалтерлер, заңгерлер арасынан білімді маман табу қиын. Ал ауыл мәселесін айтпай-ақ қояйын. Жоғарғы оқу орнына түсіп, туған ауылына келіп, аз ғана жалақы үшін мемелкеттік қызметте жүрген жастарды табу қиын шығар, мүмкін де емес, себебі ондайлар жоқ.

-Мемлекеттік қызметке келемін дейтін жастарға қандай кеңес берер едіңіз?

-Барынша шыдамды, ұяң болуға тырысу керек. Жұмысқа келген соң өзіңнің жеке шаруаларыңды емес, жұмыс істеу керек. Мамандық бойынша жұмыс істеңіздер: егер сіз заңгер болсаңыз, заңгер болып жұмыс істеңіз. Мемлекеттік қызмет сіздің жетілуіңіз үшін мүмкіндік береді. Күн сайын бір хатты қалай жаза салсам екен, болмаса тапсырманы тезірек орындап үйге кетсем екен дегенді емес, халықты ойлаңыздар. Жұмыс күнінің белгіленген уақытында келіп-кетпей, артық сағатта жұмыс істеу керек болса істеңіздер, демалыс күндері де жұмыс істеңіздер. Ең басында жалақының аз болатынына дайын болыңыздар.

-Moomkin.com туралы не айта аласыз?
Қызықты жоба екен. Еңбастысы, жарнамалық аккаунттармен толып кетпесе болды.

Moomkin-нің барлық мүмкіндіктерін пайдаланыңыз!
Тіркеудің 1-қадамы бар-жоғы бір минут уақытыңызды алады:

Қосылу

Тіркелдіңіз бе?