Эндрю Остер: «Бала Өзін Бақытты Сезіне Алатын Мектепті Таңдау Керек

Жарияланды: 29 қазан 2013, 12:42

Эндрю Остер40 жылдан бері ұстаз қызметін атқарып келеді. Ол Англияның Глостер қаласындағы King’sSchool мектебінде, Брайтон қаласындағы PortsladeCommunity колледжінде, Shrewsbury, мектебінде, сондай-ақ Алматы мен Астана қалаларындағы DownsSchool, OrwellParkSchool, Хэйлибэри мектептерінде жұмыс істеген.

Оның өзімен сұхбаттасу барысында Қазақстандағы жұмысы, оқытушылық карьерасындағы қызықтары және Астанадағы Хэйлибэри  мектебіндегі оқытудың артықшылығы туралы әңгімелеп  берді.

-Эндрю, Сіздің болашақ мамандығыңызды таңдау немен байланысты болды?
-Маған қарапайым, әртүрлі жастағы адамдармен жұмыс істеген ұнайды. Бұл «бумеранг» іспетті: не жасасаң да алдыңнан сол шығады. Мен адамдармен өте қызықты әрі қиын жобалар бойынша жұмыс істеймін. Нәтижесінде оның жемісі өзіме оралады.

-Ал Қазақстанда жұмыс істеуге не итермеледі?

-Ең алдымен, бұл мен үшін Қазақстанда ағылшын тілін енгізу жөнідегі өте қызықты жобаның бір бөлшегіне айналудың мүмкіндігі болды. Өмірде мектептің негізін қалаушы директор болу мүмкіндігі екінің біріне бұйыра бермейді, ал менің өмірімде ондай мүмкіндік екі рет кездесті – тамаша тәжірибе! Маған Қазақстанға келіп британдық Хэйлибэри мектебінің негізін қалау және оны дамыту мәртебесі берілді. Жалпы, Қазақстан маған ұнайды. Менің ойымша, қазақ халқы егемендік жылдары ішінде көп нәрсеге қол жеткізді.  Бұл мемлекетте көп мүмкіндіктерге жол ашуға болады және Қазақстан мекен етіп, жұмысыңды дамыту үшін қолайлы ел болып табылады.

-Әдетте, шетелдік ұстаздарды Қазақстанға шақырғанда немен ынталандырасыз?

-Оқытушыны Астанаға көшуге көндіретін екі фактор бар, біріншісі – бұл мемлекет пен оның тұрғындары туралы көбірек білу мүмкіндігі мен және негізі сонау 1862 жылы қаланған Британиядағы тәуелсіз Хэйлибэри мектебімен әріптестік орнату туралы арнайы шарт.

-Эндрю, Хэйлибэри мектебінің  бәсекеге қабілетті артық тұстарын атап өте аласыз ба?

Ұлтына қарамастан, мектепке жақсы қызметкер тарту үшін қолайлы жағдай жасау ең маңызды фактор болып табылады. Осындай қызықты жобаға жұмыс істеуге шақырту алғанда, мен үшін және көптеген қызметкерлеріміз үшін сынақ болды. Менің ойымша, адамдар  Хэйлибэри мектебіне жалақы үшін емес, осы жобаның бір бөлшегіне айналу үшін келеді.

-Қазақстанның жоғарғы оқу орындарын бітірген түлектерді немесе шет елде білім алып келген қазақстандық түлектерді мектеп жұмысына тартасыз ба?

Қазіргі таңда Қазақстанның жоғарғы оқу орындарын бітірген 40-қа жуық түлек біздің мектепте қазақ тілі, орыс тілі пәндерінің мұғалімі, әкімшілік мәселелерге жауапты адамдар мен ұстаздардың ассистенттері болып жұмыс істеп жүр. Уақыт өте келе бізде бос жұмыс орындары шығады. Мектеп жалыны тасыған жастар үшін ашылып отыр. Қазіргі таңда бізде Англиядан шақырылып отырған екі ұстаз үшін бос жұмыс орны бар. Жергілікті қызметкерлер үшін әзірге бос жұмыс орындары жоқ, алайда қыркүйек айында босап қалуы мүмкін. Біздегі бос жұмыс орындары туралы ақпаратты біз мектепті веб-сайтына жариялап отырамыз (http://www.haileyburyastana.kz/)

-Балаларды мектепке қабылдаған кезде қандай талаптар қойылады?

-Баланы мектепке қабылдамастан бұрын біз оны тестілеуден өткізіп, баланың жасына сай сұхбат жүргіземіз. 7 жастан асқан балалар ағылшын тілі мен математикадан аздаған тест тапсырады. Көптеген балалар ағылшын тілін білмей келеді, алайда біз өте тиімді бағдарламамыз арқылы оларға көмектесеміз. Жеті жасқа толмаған балалар тесттің орнына мектеппен бір күн бойы танысады, сол арқылы ұстаздар олардың оқи алатынын немесе оқи алмайтынын анықтайды.

Жыл сайын Қазақстаннан 150-ден бастап 300 оқушы мен студентке дейін  шет елдердегі жекеменшік мектептер мен университеттерге оқуға аттанады. Хэйлибэри мектебі шет елде берілетін білімнің баламасына айнала алады ма?

-Мектеп құрылтайшысының мақсаты – болашақта Қазақстан, Ұлыбритания мен басқа да елдердің жоғарғы оқу орындарына түсуін қамтамасыз ете отырып баланы 18 жасына дейін сапалы академиялық біліммен қамту болып табылады. Астанадағы Хэйлибэри мектебі шетелдегі білімнің жақсы баламасы болып табылады. Біздің мектепте оқу бағасы жоғары, бірақ жүріп-тұруын, сол елге ұшақпен барып-келуін, тамағын, тұратын жерін қосқанда шет елде білім алу бұдан да қымбатқа түседі. Сондықтан, Астана мен Алматы қалаларындағы Хэйлибэри мектептерінде оқу арзанға түседі, әрі бала біраз жыл болсын ата-анасының жанында болады. Өскен соң олардың үйінен кететіні анық қой...

-Эндрю, Хэйлибэри мектебінде білім алу қаншалықты қолжетімді? Орташа табысы бар отбасы баласын мектептеріңізде оқыта алады ма?

-Әрине, кейбір ата-аналар үшін баласын біздің мектепте оқыту қиынға соғады. Орташа есеппен, жылына $ 6000 бастап $ 26000 қаражат қажет болады. Болашақта, 18 айдан бастап 18 жасқа дейінгі балаларды оқыта бастағанда, біз мектептің шәкіртақысын белгілеуді жоспарлап отырмыз.

-Қай уақытта болмасын, ата-аналар балаларына білім берудің толықтай стратегиясын әзірлеп алады. Ал сіз өз тәжірибеңізге сүйене отырып, не айтар едіңіз?

-Барлық ата-ана баласы үшін ең алдымен жақсы мектеп таңдай білуі керек. Ең бастысы, бала мектепте бақытты болса, ол сабақты да жақсы оқиды. Сондықтан, балалар бақытты бола алатын, оларға жақсы білім беріп, таланаттарын оятатын мектеп таңдау – ең жақсы әрі жемісті стратегия болады. Қазақстанда өте жақсы қазақ және орыс тіліндегі мектептер, сондай-ақ қазақ-түрік лицейлері бар. Ал біз Қазақстандағы екі британиялық мектеп болып табыламыз. Ата-аналар балаларына мектеп таңдауда үлкен жауапкершілікті сезінуі керек.

-Мoomkin.kz жобасы туралы не айтасыз?
Менің ойымша, moomkin.kz – жаңа карьералық мүмкіндіктер мен іскерлік байланыстар орнатуда адамдарға көп көмегін тигізетін өте тамаша жоба.

Moomkin-нің барлық мүмкіндіктерін пайдаланыңыз!
Тіркеудің 1-қадамы бар-жоғы бір минут уақытыңызды алады:

Қосылу

Тіркелдіңіз бе?